ШЫМКЕНТ: МӘДЕНИ-ТАРИХИ КЕШЕНДЕР ТАЗАРТЫЛУДА

Шымкент қаласындағы 7 тарихи-мәдени ескерткіш республикалық маңызы бар қасиетті, киелі жерлердің тізіміне енген. Ал 8 нысан жергілікті маңызға ие орындар қатарында.

«Таза өлке» экологиялық апталығы барысында Әл-Фараби ауданының аумағында орналасқан тарихи-мәдени кешендер, ескерткіштер тазартылды. Аудан әкімдігі мен қоғам белсенділері игі шараға белсене кірісті.

#TazaShym жалпықалалық тазалық шарасына қатысушылар — Әл-Фараби ауданының коммуналдық мемлекеттік мекемесі және «Эталон» ЖШС мердігер мекемесі қызметкерлері Әлия Молдағұлова көшесінде орналасқан Ә.Молдағұлова ескерткішінің айналасын қоқыстардан тазартып, ескерткішті жуып тазалады. Одан кейін аудан тазалықшылары Д.Қонаев және Тәуке хан даңғылының қиылысында орналасқан Д. Қонаев ескерткішін тазартты. Әл-Фараби ауданындағы тазылық жұмыстары мұнан кейін «Цитадель» этно кешенінде жалғаспақ. Ол аумақтағы іс-шараға мектеп оқушылары да атсалысады.
Тазалық акциясына қатысушылар қаламыздағы туристік аймақтарды күтіп ұстау тек мемлекеттің емес, барша азаматтардың міндеті деп білеміз дейді. Аудан белсенділері қала жастарын тазалық акциясына белсене қатысуға және қаламызды таза ұстауға шақырды.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының бастамасымен басталған тазалық акциясының екінші аптасы.Жоспар бойынша акция «Киелі мекен» деп аталып, әр ауданданның тарихихи мәдени кешендерінде іс-шаралар өткізілуде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан»  экологиялық акциясы басталған болатын. Акция 5 кезеңнен тұрады:

«Таза өлке» апталығы (6-13 сәуір);

«Киелі мекен» апталығы (14-20 сәуір);

«Жасыл аймақ» апталығы (21-27 сәуір);

«Өнегелі ұрпақ» апталығы (28 сәуір – 4 мамыр);

«Мөлдір бұлақ» апталығы (5-11 мамыр) атты тақырыптық бағыттарда ұйымдастырылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *