Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. 5 аптаға созылатын бұл науқанның бірінші аптасы «Таза өлке» деп аталады.
“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында Кентау қаласына қарасты “Қаратау” қорығында тазалық жұмыстарын өткізді. Игі бастамаға облысымыздың жастары, атап айтқанда, облыстық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің қызметкерлері, “Жастар рухы” жастар қанаты белсенділері, “Қаратау” және Кентау жастары жалпы 200-ге жуық белсенділер мен ауыл тұрғындары қатысты.
Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, “Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштік, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу. Қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға атсалысу туған жерге деген сүйіспеншіліктерін ояту. Сондай-ақ аудан, қала көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған.
Қай кезде де болмасын ең бірінші өз ортаңа тазалықпен қарау адамдықтың басты қасиеті екендігі белгілі. Туған жердің тазалығы – баршамызға ортақ екендігін ұмытпайық! Жалпы өзің тұрып жатқан жердің тазалығына үлес қосу – туған жерге деген қамқорлықтың бір белгісі. Аталған аймаққа келетін демалушыларға ауыл тұрғындары тәртіп пен тазалықты сақтауға шақырады.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы 5 кезеңнен тұрады:
«Таза өлке» апталығы (6-13 сәуір);
«Киелі мекен» апталығы (14-20 сәуір);
«Жасыл аймақ» апталығы (21-27 сәуір);
«Өнегелі ұрпақ» апталығы (28 сәуір – 4 мамыр);
«Мөлдір бұлақ» апталығы (5-11 мамыр) атты тақырыптық бағыттарда ұйымдастырылады.