ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ — ҚОҒАМ НАЗАРЫНДА

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен  аппарат мәжілісінің отырысы өтті.  Жиында экологияға қатысты проблемалар көтеріліп, оларды шешу жолдары талқыланды. Облыс басшысы жауаптыларға қатаң ескерту жасап, нақты тапсырмалар берді.

Өңірдегі экологиялық мәселелер жауапты басқармалар мен аудан, қала басшыларының немқұрайлылығынан туындап отыр. Жұмысты күшейту керек. Қатты қалдықтар тастайтын қоқыс полигондарын реттеңіздер. Моншалар мен нысандардан шығатын кәріз су мәселесін түбегейлі шешу қажет. Зиянды қалдықтарды тастатпау үшін ірі зауыттардың жұмысын қадағалауды тапсырамын, – деді Дархан Сатыбалды.

Жиын барысында Түркістан облысы бойынша Экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Нұржас Нұрболат баяндама жасады.

Облыс аумағында 558 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Жалпы 1 санатқа жататын 122 оператор қызмет атқарады. Оның ішінде уран өндіру кәсіпорындары, тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындары, коммуналдық мақсаттағы объектілер, құрылыс объектілері және тағы басқалары бар. Арыз-шағымдар бойынша 109 тексеру жұмысы жүргізілген. Нәтижесінде 431 жеке және заңды тұлғаға 2 млрд 120 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған. Кей аудандарда атмосфералық ауаға шығатын шығарындылардың шекті нормадан асып кету дерегі мен су объектілерінің ластану фактілері анықталған. Департамент қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының экологиялық талаптарының сақталуын қатаң бақылауда ұстайды, – деді Нұржас Нұрболатұлы.

Түркістан облысы уран өндіруден көш бастап тұр. Алайда департамент тарапынан жүргізілген тексеру жұмыстары кезінде, уран өндірушілердің кен орындарында күкірт қышқылдарының заңсыз төгілу деректері орын алған.

«Ол бойынша айыппұл салынып, бүлінген жерлерге тазалау, қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу туралы ұйғарымы берілген. Қазіргі таңда, ластанған жердің аумағы толықтай тазаланды»,-деп сендірді  мамандар.

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *