ЭКОАКЦИЯ: ТӨЛЕБИДЕ ЖАЛПЫАУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Төлеби ауданында жаппай сенбілік өтті. Шараға тазалыққа жаны құмар табиғат жанашырлары, барша аудан тұрғындары қатысты,-деп хабарлайды Bozyq.kz. 

“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акция аясында әр мекеме қызметкерлері өз аулаларын күл-қоқыстан тазартып қана қоймай, жеміс ағаштарының көшеттерін екті. Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев бастаған ақ жағалылар мекеме ғимаратының ауласына Тянь-Шань шыршасын екті.

«Киелі мекен» апталығында аудан жастары мен тұрғындары Ғайып Ерен-Қырық шілтен, Көзді ата, Мансұр ата кесенелерінде, “Қотыр бұлақ” бастауында, Жеңіс саябағында және ардагерлер аллеясында абаттандыру жұмыстары жүргізді.  «Төлеби баба» саябағына барып, ағаш егу жұмыстары барысымен етене танысқан Төлеген Телғараев,  экологиялық акцияға үлес қосып жүрген тұрғындармен тілдесіп, ауданның көркеюіне, абаттануына үлес қосып жүрген азаматтарға алғысын жеткізді.

Айта кетейік,  сенбілікке 1 мыңға жуық тұрғын, 15 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 800 көшет егіліп, 1200 ағаш бұталып, әктелді. Саябақтар мен серверлер, балалар ойын және спорт алаңшалары ретке келтірілді. Ғимараттардың қас беттері әрленіп, 6,5 шақырым ирригациялық жүйелер тазаланды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *