ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚЫЗҒАЛДАҚТЫ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

«Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Парктер шеруі – 2024» табиғатты қорғау экологиялық акциясы өтті. Басты мақсат – қоршаған ортаны қорғау, туған жер табиғатына ұқыпты қарауды насихаттап, экологиялық мәдениетті дамыту және құқық бұзушылықтың алдын-алу.

Парктер шеруі кезінде 3 іс-шара жүзеге асырылады. Мәселен, «Парктер тынысы» фотокөрмесі, «Сырдың көркі – тораңғы» атты қоқыс тазалау шарасы және «Қазақстан – қызғалдақтар отаны» акциясы өтті.

Табиғи парк ұжымы биыл «Таза Қазақстан» науқаны бойынша «Парктер шеруіннің» акциясын еліміздің Қызыл кітабына енгізілген грейг қызғалдағы ең көп өсетін Бәйдібек ауданындағы таулы аймақта ұйымдастырылды.

Табиғат жанашырлары ауданға келуші туристер мен мектеп оқушыларынаарнайы парақшалар таратып, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіндірді. Парк мамандарының айтуынша, Грейг қызғалдағы – өте әдемі, сәнді өсімдік. Грейг қызғалдағы өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Қызғалдақтың бірнеше жүздеген мәдени сорттарының жабайы туысы. Өңірлік парктің барлық жерлерінде кездеседі. Боралдай өзенінің аңғарында гүлінің реңі ерекше өзгергіштігімен ерекшеленетін ең бағалы алқаптары шоғырланған. Басқа өте сәндік түрлер секілді популяция санының жағдайына бақылауды қажет етеді.

– Грейг қызғалдағын жұлған соң, ол 1 сағат ішінде солып қалады. Бұл гүл дәнімен көбейеді. Қызғалдақты жұлып алсақ, оның қайтып өсіп шығуына он жылдан аса уақыт кетеді. Сол себепті балаларға экологиялық сауаттылықты жастайынан сіңіруіміз қажет. Соңғы жылдары қызғалдақты жұлу біршама реттелген, – деді «Сырдария-Түркістан МӨТП» КММ-нің Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің меңгерушісі Нұрила Төре.

Қазақстан – қызғалдақтың Отаны саналады. Елімізде  қызғалдақтың 40-қа жуық түрі өседі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *