САТИРА САҢЛАҚТАРЫ КҮРЕК КӨТЕРІП, ШЕЛЕК ҰСТАДЫ

Елімізде  «Таза Қазақстан» акциясының «Жасыл аймақ» апталығы өтуде. Бүгін Металлургтар саябағында тал егу шарасы өтті.  Тұрандықтар саябаққа 100-ден аса қаратал екті. Тал егуге Тұран коммуналдық мекемесімен қатар, Тұран ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, өнер адамдары және еріктілер атсалысты.

Таза Қазақстан» науқан болып қалмайды.  Ауданымыздың тазалығы мен көркіне бәріміз жауаптымыз. Осы уақытқа дейін аудан көлемінде 1000 тал ектік. Осы саябаққа ашық жерлеріне100-дей ағаш отырғыздық,- дейді Тұран ауданы әкімі Берік Әшірбеков.

Шымкент қалалық әзіл- сықақ және сатира театрының әртістері де қарап қалмады. Сатира саңлақтары  күрек көтеріп, шелек ұстады.  Тал екті.

-«Атаңнан мал қалғанша,  тал қалсын», деген қазақпыз. Жұтатын ауамыздың тазалығы маңызды. Осы саябақтардағы талдарды да біздің әкелеріміз бен ағаларымыз еккен ғой, сол сияқты біз де парызымыз деп санап, осы науқанға атсалысуға келдік. Елімізді, қаламызды таза ұстау міндетіміз, — дейді Шымкент қалалық әзіл- сықақ және сатира театрының әртістері.

Қалаға сүйіспеншілік қаланың тазалығына атсалысудан басталады.  Ешбекші ауданы “Таза Қазақстан” акциясында белсенділік танытты. “Жасыл аймақ” апталығы Алатау саябағында  жалғасты. Тазалық жұмыстарына  200-дей адам, 4 техника жұмылдырылды.

Қаламыздың тазалығына үлесімізді қосайық деп келдік.  Бұл науқан жәй ғана тазалыққа шақыру ғана емес, ынтымақ-бірлікке, ұжымдық еңбекке баулу деп түсінеміз. Қаламызды таза ұстау қала тұрғыны ретінде баршамыздың міндетіміз, — дейді Шымкент әзіл-сықақ және сатира театрының актрисасы Әсел Ілияс.

Айта кетейік, бұрын қоқыс үйіліп жататын орыннан халыққа жайлы, көк желекті саябақ ашылғанына маңайдағы халық дән риза.

Bozyq.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *