ТҮРКИЯ ИНВЕСТОРЛАРЫ ШЫМКЕНТТЕ БУ-ГАЗ ҚОНДЫРҒЫСЫН САЛУДЫ ЖОСПАРЛАУДА

Үшінші мегаполисте бу-газ қондырғысы  салынады,- деп хабарлайды Bozyq.kz .

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков  Мурад Юстел бастаған «Aksa Energy» компаниясының өкілдерімен кездесті.  Қос тарап қуаттылығы 500 МВт-қа дейін аралас циклды газ зауытын салу жобасын жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойды. Бу-газ қондырғы құрылысы биыл басталады.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков   жаңа жобаны енгізу қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізіп, қала бюджетіне қосымша кіріс әкелетінін ерекше атап өтті.

Жобаның жалпы құны 700 миллион АҚШ долларын құрайды. Бұл  инвестициялық жобаны жүзеге асыру қала тұрғындарын сапалы электр және жылу энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  Құрылыс кезінде 1000-нан астам жұмыс орны ашылады. Ал бу-газ қондырғысы  іске қосылғаннан кейін 200-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылады.

Ғабит Сыздықбеков түрік компаниясына қалаға қызығушылық танытып, энергетикалық кешеннің дамуына тікелей инвестиция салғаны үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ маңызды саладағы бірлескен жобаны тез арада жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

«Жобаның жүзеге асуы өңірдің дамуына оң әсерін тигізеді. Аталған жоба кәсіпкерлер үшін де оңтайлы болмақ. Себебі, нысан іске қосылғаннан кейін ірі бизнеспен айналысуға ниетті жандар тек Шымкент қаласында ғана емес, жақын аймақтарда да зауыт немесе басқа да кәсіпорындарды еш қиындықсыз сала алады.

Бу-газ циклінің артықшылықтарын алғаш рет 1950 жылдары Кеңес академигі С.А. Христианович  дәлелдеген болатын.   Бу-газ қондырғысының баламасы Қазақстан тұрмақ, ТМД елдерінде жоқ,- дейді мамандар.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *