Түркістан облысындағы автокөлік жолдарында қараусыз жүрген мал кесірінен көлік апаты жиілеген. Жыл басынан бері 29 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 7 адам қаза болды. 37 адам әр түрлі дене жарақатын алған,-деп хабарлайды Bozyq.kz.
Сайрам ауданы Таскешу елді мекенінде «ҚАЖсервис» ЖШС Түркістан облыстық филиалының мамандары жергілікті полициямен бірге елді мекен тұрғындарымен кездесті. Кездесуде жолшылар автомобиль жолының бойына мал жаймау керектігін түсіндірді. Хаттама жасалып, жадынама таратылды.
-Бағымсыз жүрген мал иелеріне шара қолдану қажет. Өйткені қараусыз жүрген малдың кесірінен жол апаттары жиі тіркелетіні жасырын емес. Үй жануарларының мойнына жарыққайтарғыш ленталар байлап, немқұрайлы қарамай, кешкі уақытта қораларыңызға ұстауға, күндізгі уақытта қарап жүруге шақырамыз,-дейді «ҚАЖсервис» ЖШС Түркістан облыстық филиалы ЖҚҚБ ЕҚ және ТҚ бөлім басшысы Ерман Бөлтаев.
Оның айтуынша, Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексте жол бойында жайылып жүрген мал иелеріне жауапкершілік қарастырылған.
Bozyq.kz