ТАЗАЛЫҚ АУЛАДАН БАСТАЛАДЫ

Шырайлы Шымкент қаласы күн өткен сайын гүлденіп келеді.  Абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына қызметкерлерден бөлек, қала тұрғындары да бір кісідей атсалысуда.  Әл-Фараби ауданына қарасты «Достық ауласында»  «Өнегелі ұрпақ» науқаны ұйымдастырылды. Шараға 10 -нан аса техника мен 200 -ге жуық қызметкерлер жұмылдырылып белгіленген нысанды толықтай тазартты. 

— «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы оң өзгерістерді байқаймыз. Халық көп шоғырланатын орындарда тазалық деңгейі біршама өскен. Қуантарлығы бұл шараға ЖОО-ның студенттері көп қатысады. Жастардың белсендігілі тек оқу-ғылымнан емес, қоғамдық жұмыстардан да жоғары деңгейде көрінуде. Ұрпағымыздың саналы, тәрбиелі, тазалыққа жақын болуы үшін біздер әрқашан үлгі болатын игі істердің басы-қасында жүруіміз керек,- дейді Шымкент қалалық мәслихаттың депутаты Төреайым Сұлтанова.

Өнегелі істі дәріптеу тек бір күнмен шектелмесі анық. Алдағы уақытта қала тұрғындарына қуаныш сыйлағын акция жалғасын таба бермек.

Қала  тазалығына  ардагерлер де үлес қосты. Аға буын өкілдері жас буынға үлгі көрсетті.  Абай саябағына жиналған белсенділер «Ұрпақтар сабақтастығы» атауымен ата мен немеренің бірлесіп атқарған еңбегіне куә болды.

Өз қаламызға қамқорлықпен қарау – әр азаматтың борышы. «Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкентте көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бүгін «Өнегелі ұрпақ» апталығына орай немерелерімізбен бірге саябаққа келіп, тазалық жұмыстарына қатысып жатырмыз. Өсіп келе жатқан балаларымызға, жастарға өнеге үлгі болсын деп атсалысып жатырмыз. Ал жастарымыз үлкендерге, қарияларға, ардагерлерге көмек көрсетіп, игі істермен айналысуда. Осыған үлкен алғысымды білдіремін, – дейді  Шымкент қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев.

Абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына 350-дей адам қатысты.  Қариялар мен ардагерлер ерікті жастарға  қол көмек беріп, ақылдарын айтып, жол көрсетті. Әсіресе қариялар осындай игі істің Ұлы жеңіс күні қарсаңында өткеніне қуанышты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *