​«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯНЫҢ ТӨРТІНШІ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

Республикалық «Таза Қазақстан» жалпы ұлттық экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Мақтаарал ауданында жаппай сенбілік өтті,-деп хабарлайды,-Bozyq.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудан әкімі Бақыт Асанов пен облыстық мәслихаттың депутаты Жарқынбек Қанаев Бірлік ауылдық округі Алғабас ауылының тұрғыны, 89 жастағы батыр ана Махсуда Сүлейменованың шаңырағында болып, мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, ауыл жастарымен бірге батыр ананың үй ауласында тазалық жұмыстарына атсалысты. Мұндай өнегелі істер ерікті жастардың, мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен аудандағы 69 елді мекеннің барлығында өтті.

Сенбілікте автожолдардың бойы жабайы шөптерден тазартылып, көшеттер егілді. Аялдамаларда әктеу-сырлау жұмыстары атқарылып, билборд және жарықшам бағаналары әрленді. Жалпы сенбілікке 22 техника, 6 мыңнан аса адам жұмылдырылып, 32 тонна күл-қоқыс шығарылды. 120 шақырым автожолдың бойы, 3,5 шақырым ирригациялық жүйелердің бойы тазаланды.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқанының «Өнегелі ұрпақ» апталағында Төлеби ауданы Жоғарғы Ақсу ауылдық округінің тұрғындары ғасыр жасаған Жұмат қария мен Жұбайхан әженің үй аулаларында тазалық шараларын жүргізді.

Еріктілер ғасыр құрдасы атанған Жұмат қарияның үй ауласында шөп орып, ағаш әктеді. Жәрдем берген ауыл тұрғындарына қария батасын берді. Сондай-ақ, Жұбайхан әже өз кезегінде ауласын абаттандыруға көмек берген азаматтарға ризашылығын білдірді. Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *