«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» АПТАЛЫҒЫ: ЖАСТАР МҰРАЖАЙ МАҢЫН ТАЗАЛАДЫ ӘРІ ПАЙДАЛЫ АҚПАРАТ ТА АЛДЫ

Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығы өтіп жатыр. Бұл апталықта түрлі атаулармен іс-шаралар ұйымдастырылып, апталықтың маңыздылығын аша түскендей. Сондай іс-шараның бірі — «Ұрпағыңа қалдырған өнегең мол» атаумен өтуде. Осы атаумен өткізіліп жатқан іс-шара бойынша Д.Қонаев мұражайының ауласында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды,-деп хабарлайды Bozyq.kz.

Іс-шараға қаланың белсенді жастары, студенттер және Тұран ауданының тұрғындары атсалысып, 80-ге жуық астам адам қатысты. Қала жастары мұражай аумағын қоқыстан тазартып, шөптерін орумен, мұражай ішінде шаң-тозаңды сүртіп, тазалық жұмыстарын жүргізумен айналысты.

Жастар тек қана тазалық жұмыстарын жүргізіп қойған жоқ, сонымен бірге Д.Қонаевтың өмірі мен қызметі жайлы пайдалы ақпараттар да алды. Іс-шараға белгілі қоғам қайраткерлері Шәріпбек Жамалбек, Пернеев Ерназар және басқа да азаматтар қатысып, өз үлестерін қосты. Жастарға ақыл-өсиетін айтып, бағыт-бағдар берді.

Ал «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Бекзат Төлебай іс-шара мен оның маңыздылығына тоқталып, жастарға берер тәлім-тәрбиесін ерекше атап өтті.

Кең ауқымда әрі жаңа форматта өтіп жатқан акция бір айдан астам уақытқа созылады деп күтілуде. 5 кезеңнен тұрады: «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ» және «Мөлдір бұлақ» деген тақырыптармен аталған бес аптада әрбір елді мекенде аулалар мен көшелерді тазалау, тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру жұмыстары, ағаш көшеттерін отырғызу, ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумақтарын тазалау және абаттандыру, өзен-көлдердің жағалауларын қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілмек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *