ҚАРТЫ БАР ЕЛДІҢ – ҚАЗЫНАСЫ БАР

Жетісай ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері көмекке мұқтаж жалғызілікті қарттар мен тыл ардагерлерінің ауласын тазартып, азаматтық іс жасады,-деп хабарлайды Bozyq.kz.

Аудандағы жалғызбасты қарттардың бірі — Альвина Хабибуллина.  Жетісай қаласының тұрады.  1947 жылы дүниеге келген ол түрлі салаларда жемісті еңбек еткен. Альвина Нұрғазқызы жастайынан еңбекке ерте араласып, саналы ғұмырын елдің, туған жердің түлеуіне арнаған. Жетісай ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері Альвина Хабибуллинаның шаңырағында болды. Бірі шөп шапты, тал әктеді.

Заманында ел ертеңінің жарқын болуына аянбай еңбек етіп, өзіндік үлес қосқан қазыналы қарттарымызға қандай көмек көрсетсек те жарасады. Бұл тұрғыда үлгі боларлық бастама көтерген Мемлекет басшысының, облыс, аудан басшыларының ісі құптарлық. Біз мұндай игілікті істерді тек акциялар аясында ғана емес, жыл бойы жалғастыратын боламыз, – дейді Жетісай ауданы әкімі аппаратының басшысы Есенкелді Алданиязов.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бастау алған болатын. Акция төрт аптаға созылды. Түркістан облысында  «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында толағай тірліктер атқарылды деп айтуға болады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *