ТАЗАЛЫҚ ПЕН ІЗГІЛІК АКЦИЯСЫ

Ордабасыда ардагерлер мен жастар сенбілікке шықты,-деп хабарлайды Bozyq.kz.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ардагерлер мен жастардың қатысуымен сенбілік өтті. Аталған шараға аудан әкімі Азат Оралбаев пен аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков арнайы қатысып, аудан орталығының жасыл желекке айналуына үлестерін қосты.

Бір топ  ардагерлер мен жастар Ардагерлер аллеясында тазалық жұмыстарын жүргізіп, «Даңқ» мемориалы  және  «Желтоқсаншылар» мен Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштің айналасын ретке келтірді.

Өз кезегінде ардагерлер ағаштарды әктеп, жас көшеттердің түбін аударды.  Сенбілікке мемлекеттік қызметкерлер де қатысып, саябақ ішіндегі каналдың айналасында санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізді.Шара барысында аудан әкімі сөз алып, бұл бір күндік немесе бір айлық емес, жыл бойына жалғасатын тірлік екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ аудан көлемінде жүргізіліп жатқан сенбіліктерге тұрғындарды да белсене қатысуға шақырды.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы Бәйдібек ауданында да жоғары деңгейде өтті.  Аудан орталығы  Шаяндағы көшелер, өзен жағалауы, ғимарат аулалар қоқыстан тазартылды.  Әкімдік қызметкерлері ретсіз өскен шөптерді орып,  талдардың түптерін әктеді.  Жиылған қоқыстар арнайы орындарға техникалармен шығарылды.

Экологиялық акцияға аудандағы елді мекен тұрғындары да белсене қатысты.  Ауылдық округтердегі мекеме аулаларына тазалық жұмыстары жүргізіліп, ғимараттар мен шарбақтарды әктеу және сырлау, көше бойларындағы қоқыстарды тазалау жұмыстары атқарылды. Көркейту-көгалдандыру жұмыстары алдағы күндері жалғасын табатын болады,-дейді мамандар.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *