ШЫМКЕНТ: ДЕМЕУШІЛЕР ЕСЕБІНЕН ЖАҢА СЕРУЕН АЙМАҒЫ АШЫЛАДЫ

Шымкенттегі балалар пойыз жолының бойы демеушілер көмегімен жаңғыртылып,  веложол, жаяу жүгіру жолдары, бірнеше воркаут алаңдары салынып, жан-жағы көгалдандырылады. Бұл туралы қала әкімі Ғ. Сыздықбеков мәлімдеді.

Бұл балалар темір жолының тарихына тоқталар болсақ құрылыс 1979 жылы басталып, 1980 жылы халықаралық балалар жылы қарсаңында пайдалануға берілген. Ұзындығы 6 шақырымды құрайды. Балалар темір жолы дендросаябақ маңындағы «Тұлпар» және Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадиондағы «Спорт» стансаларын байланыстырады. Бұған дейін темір жолдың жұмысы бірнеше рет тоқтатылды. Бірде қайта қосылды.  Дегенмен, локомотив көп ұзамай толық істен шығып, депоға қойылды. .  Ал, 2013 жылы қалалық прокуратура балалар темір жолының қауіптілігін ескере отырып, пайдалануға тыйым салғанған болатын. Оған себеп, қажетті  локомотивтер өндірісте жоқ.  Ал арнайы тапсырыспен жасату қалтаны қағады. Тым қымбатқа түседі. Қайтпек керек?

Жергілікті билік өгіз де өлмейтін, арба да сынбайтын бір шешімге келіп отыр.  Сонымен Ғабит Сыздықбеков бүй деді:

« Балалар темір жолының бойын жаңғыртуға арналған жоба демеушілердің қаржысына жүргізіледі. Ал, мемлекет қаржысы, қала бюджеті қаладағы жоспарлы және кезек күттірмейтін мәселелерді шешуге бағытталмақ. Шымкентте бұған дейін де бірнеше жоба демеушілер есебінен жаңарып,  халық игілігіне берілген болатын. Біз қала бюджетін халықтың әлеуметтік жағдайына септігі тиетін маңызды жобаларға бағыттап, тиімді игеруді көздеп отырмыз.  Атап айтар болсақ, жаз мезгілінде тоқтап қалатын ыстық су мәселесі, ауыз су, ирригация және кәріз жүйесі жүргізілмеген аудандар бар, осындай халыққа бірінші қажет жобаларға жұмсаймыз, Ал, балалар темір жолын қайта жаңғыртып, локомотивке тапсырыс беру мәселесі де мамандармен талқыланды. Алайда,  ол экономикалық тұрғыдан тиімсіз екені, ондай локомотивтің өндірісте болмауына байланысты арнайы тапсырысты орындау қомақты қаржы қажет ететіні бұған дейін де айтылды», — деді Ғабит Сыздықбеков.

Қала әкімі жағдайдың жан-жақты зерделенгенін, серуендеушілерге қауіпсіз, жағдай жасалынған аймақ болатынын айтты. Арғынбеков-Бәйдібек би жол айрығын салу кезінде темір жолдың бір бөлігі бұзылғанын ескерген қала басшысы жауаптыларға жаяу жүргіншілер жолын ыңғайлы етіп салуды тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *