ЖУРНАЛИСТЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Мөлдір бұлақ» апталығы қорытындылатынды. Журналистер Ордабасы ауданындағы Бадам орман шаруашылығының төңірегін қоқыстан тазартты.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қолдауымен Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Медиакратия» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Елшібайдың ұйымдастыруымен ауқымды сенбілік өтті.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына 50-ден астам БАҚ өкілдері атсалысты. Облыстық, қалалық және аудандық БАҚ-тан басқа, республикалық басылымдардың меншікті тілшілері де қатысты.  Шымкент қаласының тілшілері де өз үлестерін қосты. Сондай-ақ Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі мен басқармалардың баспасөз хатшылары да белсенділік танытты.

Тазалық жұмыстарында журналистер арнайы қапшықтарға қоқыс қалдықтарын жинады. Табиғат аясында журналистер ән шырқап, өлең оқыды. Сондай-ақ қазақтың күмбірлеген күйі тартылып, дартс ойыны ойнатылды.

Акция облыстағы журналистер бауырластығын арттыра түсті. Ең бастысы, бұған дейін де бірлігі бекемдігін білдіріп жүрген өңір журналистері бұл жолы өзара ауызбіршілігін, ынтымағы мығым екенін тағы бір танытты.

Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары Болысбек Шәріпбеков санитарлық тазалық шарасын жүйелі жүргізу – облыс шырайын кіргізіп, қоршаған ортаға әдемілік сыйлайтын маңызды шаралардың бірі екенін атап өтіп, қатысушыларды арнайы «Табиғат жанашары» сертификатымен марапаттап, сый-сияпат табыс етті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *