Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков жұмыс жоспарына сәйкес мәжіліс өткізіп, шаһарда атқарылған жұмыстарды саралады,-деп хабарлайды Bozyq.kz тілшісі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркістан қаласы Отырар мөлтек ауданындағы 36 көпқабатты тұрғын үйді табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі түбегейлі шешілуде. Бұл жөнінде қала әкімнің осы салаға жетекшілік ететін орынбасары Байдулла Оразбеков баяндады.
Жобада көзделгендей, қазіргі таңда 2136 пәтерде газбен жабдықтау құрылыс монтаж жұмыстары толықтай аяқталған «КазТрансГазАймақ» АҚ арқылы дербес шот ашып, тұрғындар табиғи газ тұтынуды бастады. Ал, газбен жабдықтау құрылысын жүргізу барысында аулаларда зақымдалған көгалдар мердігер мекеме тарапынан ретке келтірілуде. Сонымен қатар, аула жарықшамдарының зақымданған желілері қалпына келтірілуде.
Күн тәртібіндегі мәселелерді саралай келе Нұрбол Әбдісаттарұлы Б.Саттарханов даңғылы және 9-11 көшелердегі нысандардың қасбеті мен орналасқан жарнамаларды реттеуді тапсырды. Тұрғындардың сұранысын ескере отырып қоғамдық көлік бағытттарын көбейту қажеттігін де атап өтті. Сондай-ақ, 2025-2028 жылдарға арналған облыстық бюджетке ұсыныс әзірлеуді, жобалар мен құжаттарын кешіктірмей рәсімдеуді тапсырды.
Тапсырмалардың орындалуын бақылау ұйымдастыру-инспекторлық бөлімге жүктелді.