МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ-МАҢЫЗДЫ ІС

Мектеп түлектерінің мамандық таңдауына бағыт-бағдар беретін «2000 мектеп» акциясы жалғасуда. Биылғы жылдың үшінші тоқсанында «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық  филиалы Терешова атындағы №31 жалпы орта мектебінің жоғары сынып  оқушыларымен офлайн форматта кездесті.

Елімізде жол саласы мамандарына сұраныс жыл сайын артып келеді. Қазақстан аумағында республикалық және жергілікті деңгейдегі жолдарды қайта жаңғырту, жаңа ықшам аудандардың пайда болуына байланысты ауыл және аула ішілік жолдар салу қарқын алды. Сапалы, тақтайдай тегіс жол салу үшін де білікті мамандар қажет.

Осы орайда, қандай мамандықты таңдасам екен, қандай оқуға барсам екен деп жүрген арманшыл жастарға «Жол активтері сапасының  ұлттық орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалының кәсіби мамандары жастарға бағыт-бағдар беруде.

Шымкент қаласындағы №31 ЖОМ түлектерімен кездескен «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы»  РМК Шымкент қалалық филиалының сарапшысы  Ернарбек Мамет  жол  құрылысы саласының қазіргі тыныс-тіршілігіне кеңінен тоқталды. Жолшыларға  мемлекет және мердігер мекемелер тарапынан жасалатын жағдайлар туралы кеңінен әңгімеледі. Жоғары әрі тұрақты жалақы, білімдерін жетілдіру мақсатында түрлі оқу-семинарлар, тәжірибе алмасу мақсатындағы жұмыстардың жолға қойылғандығын жеткізді.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы жолдардың сапасы сын көтермейтінін мәлімдеген болатын.

«Еліміздегі республикалық және жергілікті жолдардың жағдайына қатысты азаматтардың айтып жүрген сыны орынды. Сапасыз жасалған жол жыл сайын жөндеуді қажет етеді және бұған мемлекеттің қаржысы тиімсіз жұмсалып жатыр», — деді Қ.Тоқаев.

Қысқасы  жолдың сапалы болуы заман табына сай білімді,  білікті кадрден басталады. «Жол активтері сапасының  ұлттық орталығы» РМК жастарға кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын соңғы  төрт жылдан бері қолға алып келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *