САЙРАМ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ЖАҢА АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Сайрам тұрғын алабында жаңа ауыз су жүйесі іске қосылды. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жергілікті тұрғындармен ауыз су жүйесін іске қосу шарасына қатысты,-деп хабарлайды Bozyq.kz.

Бұған дейін Сайрам тұрғын алабындағы 19 мыңға жуық тұрғын жазда ауыз су тапшылығын көріп келген болатын. Абоненттер ауыз суды жекеменшік компаниядан кесте бойынша тұтынатын. Көлігі барлар тасып ішетін. Ақшасы барлар сатып ішетін.  Мегаполис басшысының тапсырмасы бойынша құрылыс жұмыстары ерте аяқталды. Нысан жазғы кезең басталмай тұрып пайдалануға берілді.

Енді  бүгіннен бастап Сайрам тұрғын алап халқы ауыз суға қосылуға өтінім бере алады.

Айта кетейік, 2023 жылы 6 нысанның (Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс) құрылыс жұмыстарына 9,5 млрд.теңге бөлініп, Қайнарбұлақ тұрғын алабы және Еңбекші ауданы бойынша 7 елді мекеннің жаңа құрылыс аумақтарында ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталған болатын.  Нәтижесінде  елді мекендерді ауыз сумен қамту деңгейі 98,5%-дан 99%-ға жеткен еді.  2024 жылы Құрсай, Сайрам тұрғын алабы аумақтарын ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстарын аяқтап, ауыз су жүйесімен 100%-ға қамтамасыз ету жоспарланған. Алдағы уақытта “Құрсай” шағын ауданының тұрғындарын да толық тіршілік нәрімен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Ауыз су жайын айттық қой. Кәріз жүйесін де сөз етсек. Қазіргі таңда, 81 шағын ауданның 25-і кәріз жүйесімен қамтамасыз етілген. 56 шағын аудан қамтылмаған. 2023 жылы 9 нысанның құрылыс жұмыстарына 8,6 млрд. теңге бөлініп, оның ішінде 2 магистралды кәріз коллекторының (Тұраннан КОС-қа дейінгі магистрал, Шымсити коллектор), 7 ішкі орамдық жүйенің (Мирас- Шапағат-2, Тассай, Тұран ішкі жүйе, Қайтпас-2, Нұртас, 112 орам, Бозарық 74 га) құрылыс жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде қамту көрсеткіші 60%-дан 65%-ға өскен. Биыл бұл сандар әлбетте еселенеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *