ДЕПУТАТТАР ӨНДІРІСТІК ПАРК ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан облысында инвестициялық климатты жақсарту мақсатында Өндірістік парктің құрылысы жүргізілуде. Бүгін, облыстық мәслихаттың төрағасы Нұралы Әбішов бастаған комиссия төрағалары Алмас Салимов, Мағауия Тұрысбеков және Сұлтан Көшенов өндіріс орындарын аралады.
Өндірістік парк 30 гектар жерде орналасқан және парк аумағында 42 ғимарат салу жоспарланған. Жалпы Өндірістік парктің құны 13 млрд. теңгені құрайды. Қазіргі уақытта, аталған жоба 3-кезеңмен жүзеге асырылуда.

Нұралы Әлмаханұлы бастаған депутаттар, өндірістік паркте жұмыс жасап жатқан бірқатар кәсіпкерлермен жүздесті. Мәселен, «BNK Group» ЖШС су үнемдеу технологияларын енгізіп жаңбырлатып суару және тамшылатып суару жүйелерін шығаратын кәсіпорында болды. «Aqniet Holding» ЖШС мектепке арналған жиһаздар мен медициналық жиһаздарын өндіретін кәсіпорын жұмысымен де танысты. Мұнда, Украиналық «UBC Group» компаниясы өнеркәсіптік тоңазытқыштарды өндіреді.
Бұдан бөлек, медициналық өнімдер, бөлме аралық есіктер, және тағы басқа өнімдерді шығаратын кәсіпорындар жұмысын бастауда.

Облыстық мәслихат депутаттары аралау барысында отандық өнімді қолдайтындарын айтып, кәсіпкерлердің жұмысына сәттілік тіледі. Өңірімізде облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қолдауымен өз өніміміз қарқынды даму үшін барлық жағдайды қамту мәселесі қарқынды атқарылуда. Сондықтан да, кәсіпкерлер инженерлік инфрақұрылымы жүргізілген, құрылысы дайын өндіріс орындарына қызығушылық танытатыны күмәнсіз.

Айта кетейік, өндірістік парктің толық іске қосылуы бағытында қажетті барлық жұмыстар тоқтаусыз жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *