«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҰЛТТЫҚ КОНКУРСЫ БАСТАЛДЫ

Қазақстанда «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы басталды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады, деп жазады Bozyq.kz.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайын өтетін «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

Байқау адамгершілік қасиеттерді жандандыруға, отбасы мәртебесі мен құндылықтарын арттыруға бағытталған.

«Мерейлі  отбасы»  ұлттық  конкурсының  мақсаттары:

1) Отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың  маңызын  тану;

2) Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;

3) Отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке  қабілетсіз, егде жастағы ата-аналарына қамқор болуын дәріптеу және кеңінен насихаттау;

4) Қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау;

Еңбек пен спортта, шығармашылық және зияткерлік салаларда, ғылым мен өнерде жетістіктері бар отбасылар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді араласатын отбасылар қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 15 мамырдан 15 маусымға дейін өңірлік комиссияларда қабылданады.

Байқау екі кезеңде өтеді:
1. Аудандық (қалалық) кезең (15 маусымнан 1 шілдеге дейін).
2. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астана) кезең (3 шілдеден 17 шілдеге дейін).

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы Қазақстанның барлық өңірлерінен танылған 20 үздік отбасыға беріледі. Конкурс лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді.

Осы жылдар ішінде конкурсқа Қазақстанның барлық өңірлерінен 20 мыңнан астам отбасы қатысты. Биыл қатысуға ниет білдіргендер өз өтінімдерін өңірлік комиссияларға жібере алады.

Толық ақпарат +7 (7172) 74-10-52, 74-01-62, +7 778 580 97 64 немесе Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтында көрсетілген: https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/659906?lang=kk

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *