ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫНДА СУ, ГАЗ ЖӘНЕ ЖЫЛУМЕН ҚАМТУ ЖАЙЫ ҚАРАЛДЫ

Арыс қалалық мәслихатының депутаты, фракция жетекшісі Амантай Байтанаевтың төрағалығымен жиын өтті.  Мәжілісте  су, электр, газбен жабықтау және жылумен қамту нысандарының қазіргі жағдайы сөз болды.

Арыс қаласы әкімінің орынбасары баяндама жасады. Рысдәулет Айтбаев бүйдеді:

« Ауыз сумен қамту бойынша тозығы жеткен магистральді су құбырын ауыстыру мақсатында 2 миллиардтан астам қаражат бөлініп, жаңадан магистральді су құбырының құрылысы жүргізіліп жатыр.  Ол ағымдағы жылы қолданысқа берілмек. Қаланы табиғи газбен қамту 3 кезеңге бөлінген. Бүгінгі таңда газбен қамтамасыз ету жұмыстары «Жібек Жолы-Келес Газ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне сенімгерлік басқаруға беріліп, жұмыстар жүргізілуде. Жоспар бойынша жыл аяғына дейін қала ішіне кезең-кезеңімен газ беру жүргізілетін болады. Мамыр айының соңына дейін жалпы есеппен 9849 абоненттің 2989 абоненті үздіксіз көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі. Қалған 6860 абонент қазан айының соңына дейін кезең-кезеңімен қосылатын болады. Бұдан бөлек, ауылдық елді мекендердің газ құбырларының құрылысы жалғасын табуда»,-деді Рысдәулет Айтбаев.
Партиялық фракция жиынында тиісті жауапты салалық мекеме басшылары мен мамандары отырысқа қатысушы фракция мүшелері тарапынан қойылған сауалдарға жауаптар берілді.
Фракция жетекшісі мен мүшелері тарапынан жиында қаралған мәселелердің барлығы партияның Сайлауалды бағдарламасында қамтылған өзекті міндеттер екенін атап өтіп, бұл аталған әрбір жәйт партияның тұрақты бақылауында болатынын жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *