ЗАҢСЫЗ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ФАКТІЛЕРІ 30%-ҒА АЗАЙҒАН

Түркістан облысы аумағында заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілері былтырғы жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 30%-ға азайған. Бұл бағыттағы жұмыстар Түркістан облысының әкімі Д.Сатыбалдының тікелей бақылауында.

Түркістан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы тарапынан тұрақты түрде мониторинг жасалып, нәтижесінде, жыл басынан бері 12 заңсыз қазба нүктелері анықталыпты.  Облыстағы аудан және қала әкімдіктері тарапынан заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу бойынша жұмысшы топтар құрылып, жұмыс істеуде.  Жалпы 66 рейдтік шара ұйымдастырылып, «шортандар» торға түскен. Атап айтсақ:

Сауран ауданында 12 рейдтік шара ұйымдастырылып, 35 ауыр техника айыптұраққа қойылған. 35 әкімшілік хаттама толтырылып, мемлекетке 2,8 млн теңге айыппұл өндірілген.  Ал Арыс қаласында 10 рейдтік шара ұйымдастырылып, 15 ауыр техника айыптұраққа қойылған.  21 әкімшілік хаттама толтырылып, қомақты айыппұл өндірілген.

Ордабасы ауданында да оңды істер көп.  8 рейдтік шара ұйымдастырылып, 3 ауыр техника айыптұраққа қойылып, 3 әкімшілік хаттама толтырылған. Мемлекетке 300 мың теңге айыппұл өндірілген. Ал Келес ауданында 6 рейдтік шара арқылы 7 ауыр техника айыптұраққа қойылған.  7 әкімшілік хаттама толтырылып, мемлекетке 120 мың теңге айыппұл өндірілген.

Кентау қаласында 4 рейдтік шара ұйымдастырылып, 2 ауыр техникасы айыптұраққа қойылған. 4 әкімшілік хаттама толтырылған.  Сайрам, Шардара, Созақ, Қазығұрт,Түлкібас, Сарыағаш, Бәйдібек, Төлеби, Мақтаарал, Жетісай аудандарында 22 рейдтік шара ұйымдастырылып, 12 заңсыз қазба жүргізген факті анықталып, Облыстық экология департаментіне жолданған.

Жалпы облыста жүргізілетін рейдтік іс-шаралар оң нәтиже көрсетуде. Сондықтан жер қойнауын заңсыз пайдаланудың алдын алу бойынша іс-шаралар өз жалғасын тұрақты түрде таппақ.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *