«МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!»: ШЫМКЕНТТЕ 272 МЕКТЕП ОҚУ ЖЫЛЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Бүгін Шымкенттегі барлық мектептерле бітіруші түлектерге «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Шараның құрметті қонағы ретінде ата-аналар мен қамқоршылық кеңес мүшелері, 10, 20 жылдық мектеп түлектері, ардагер ұстаздар және мектеп мұғалімдері мен 11 сынып оқушылары қатысты.
Биыл Шымкент қаласында білім басқармасына қарасты 272 мектеп оқу жылын қорытындылады. Қалада 13 286 оқушы 11 сыныпты бітірді. Оның 463-і “Алтын белгіге”, 641-і үздік аттестатқа үміткер. Ал, 9 сыныпты 21 777 оқушы тәмәмдаса, оның 1158-і үздік аттестатқа үміткер болып отыр.

 ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев барлық мектеп оқушыларын 2023-2024 оқу жылын табысты аяқтауымен құттықтады.

Министр Бірыңғай сынып сағаты  бір жылда атқарылған жұмысты қорытындылап, оқушылардың ұстаздарына, мектеп ұжымына, ата-аналарына алғыс айтуына мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Сіздердің еңбекпен алған білімдеріңіз Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметтің белгісі! Бүгін сіздермен бірге еліміздегі төрт миллионға жуық оқушы келесі сыныптарға ауысады. Бір жылда сіздер есейіп, оқуда, шығармашылықта, спортта үлкен жетістіктерге жеттіңіздер. Осы оқу жылында біздің оқушылар 10 халықаралық олимпиадада 243 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 20 алтын, 95 күміс, 128 қола медаль бар. Сіздердің әрқайсыларыңыз өз нәтижелеріңізбен мақтана аласыздар! Сіздерді шын жүректен құттықтаймын және мұнымен тоқтап қалмауларыңызды тілеймін!», — деді ол өз құттықтауында.

Айта кетейік, соңғы қоңырау іс-шарасы кезінде түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналармен түсіндіру жұмыстары, мектептерде қатаң тәртіпте полиция және педагогтар тарапынан кезекшіліктер ұйымдастырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *