САЙРАМ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА АЛҚАЛЫ ЖИЫН ӨТТІ

Сайрам тұрғын алабында алқалы жиын өтті. Жиынға Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Б.Жалмұрзаев, қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің бөлім басшысы Н.Әбдікәрім қатысты. Сондай-ақ Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын алабы ардагерлер кеңесінің мүшесі З. Хавазметов тұрғындар арасында мемлекеттік этносаясатты түсіндіру бойынша кездесу өткізді.

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Б.Жалмұрзаев  елдегі татулықты көздің қарашығындай қорғау әрі нығайту – мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі болып табылатынына тоқталды.

Ашық форматта өткен кездесуде қоғам тұрақтылығын сақтау, елдің ішкі бірлігін нығайту, өзара сыйластықты арттыру, жастар арасындағы тәрбие, әлеуметтік желілерде ұлтаралық алауыздыққа жол бермеу сынды бірқатар мәселелер айтылды.

Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев ауқымды жұмыстың негізгі бағыт-бағдарын айқындап берді. Ұлттық құрылтайдың ІІІ отырысында айтылған құндылықтарды іске асыруда Ассамблеяның зор әлеуетін тиімді пайдалануды жүктеді. Әлемдік ахуал күрделеніп тұрғанда «Жұрт болып жұмылып, ұлт болып ұйысуды» тапсырды, Ассамблея сессиясында Мемлекет басшысы идеологиялық бағыттағы басымдықтарды нақтылап, бірқатар тапсырмалар берді.

Бүгінде қалалық ҚХА жанында 17 этномәдени бірлестік пен 7 құрылым қоғамдық негізде әрекет етеді. Жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат аясында жұмыс істейтін белсенділердің әлеуеті – қоғамдық келісімді сақтау мен қазақстандық патриотизмді дәріптеу бағытындағы жобаларға жұмылдырылған.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *