ОТЫРАР АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Бүгін Отырар ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік шарасы өтті. Оған мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрығындары, еріктілер белсене қатысты, деп хабарлайды Bozyq.kz Отырар ауданы әкімінің  баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Сенбілік жұмыстары барысында көшелер мен саябақтар, арық-атыздар тазаланып, егілген көшет талдар суғарылды. Аудандық мәдениет үйінің алдына арнай гүл көшеттері әкелініп, отырғызылды. Одан бөлек арнайы орындар мен мекемелердің қоршаулары сырланып, аудан орталығындағы Ұ.Арғынбеков, Жібек Жолы даңғылдары бойындағы қураған арам шөптер оталып, қоқыс қалдықтары тазартылды.
Көпшілікті тазалыққа, табиғатқа жанашырлық танытуға үндеген шара тек мемлекеттік, бюджеттік сала қызметкерлері тарапынан ғана емес, жергілікті тұрғындардың да қызу қолдауына ие болды. Сенбілік жұмыстарына аудан орталығынан бөлек барлық ауыл округтерінің тұрғындары да қатысып, белсенділік танытты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *