ТҰРҒЫНДАР ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

«Таза Қазақстан» акциясы Еңбекші ауданындағы Цементшілер шағын ауданында да жалғасын тапты, деп хабарлайды Bozyq.kz. 


Жалпы Цементшілер ауданы қаланың Оңтүстік аумағындағы өндірістік аумаққа жақын орналасқан. Қаладағы түрлі құрылысқа қажетті материалдар осы аумақтан шығарылады.
Тұрғындардың ауызбіршілігі мен тазалыққа жанының құмарлығынан бұл ауданда мұндай тазалық жұмыстары жиі ұйымдастырылып тұрады екен.

Бүгін де тұрғындар өз аулаларында тазалық жұмыстарына бір кісідей жұмыла кірісті. Ауладағы шөптер шабылып, ағаштардың түбі қопсытылды.

Орындықтар сырланып, балалардың ойын алаңшалары тазаланды. Ал аудандық коммуналдық қызмет өкілдері ағаштарды бұтау, жиналған күл-қоқыстарды арнайы техникаларға тиеу жұмыстарын жүргізді.
Цементшілер шағын ауданының тұрғын үй төрайымы бүгінгі тазалық жұмыстарына қатысқан барлық азаматтарға алғыстарын білдіріп, ауланың таза болуы өзімізге байланысты. Біз әрқайсымыз тазалық мәдениетін алдымен өзімізден бастауымыз керек, сонда біздің жастарымыз да тазалықты сақтайтын болады дейді.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданына қарасты Ә.Жангелдин көшесі бойындағы №28, 30, 32 көп қабатты тұрғын үй тұрғындары Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізіліп жатқан тазалық жұмыстарына қатысты.

Тұрғындар «Тазалық – денсаулық кепілі» деген ұранды ұстанып, өз аулаларындағы ағаштардың түптерін әктеу, артық өскен бұталарды қырқу, шөптерді ору, ирригациялық арықтарды күл-қоқыстан тазалау және ойын алаңшалары мен орындықтарды сырлау жұмыстарын жүргізді.

Тазалық жұмыстарына тұрғындармен бірге ауданның ардагерлері, белсенді жастармен қатар коммуналдық қызметкерлер барлығы 200-ден астам адам қатысты.

Іс-шараға қатысқан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамудин Наштайұлы Президентіміздің «Таза Қазақстан» акциясының науқандық іс-шара еместігін, бұған әрбір қала тұрғыны бей-жай қарамай тазалық мәдениетінің өзімізден бастау қажет екенін айтты. Сондай-ақ тұрғындарды өз аулаларын таза ұстауға, жастардың тазалық мәдениетін сақтауға баса назар аудару қажет екенін жеткізді.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Темірлан тас жолында орналасқан скверде тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.Тазалық іс-шарасына жалпы 100-ден астам аудан тұрғындары, кәсіпкерлер, зиялы қауым өкілдері, белсенді жастар, еріктілер қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *