БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАЛАУЫ ТАЗАЛАНДЫ

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкент қаласындағы Бадам өзенінің жағалауында санитарлық тазалық жұмыстарына Тұран ауданының тұрғындары мен коммуналдық сала қызметкерлері, эко-белсенді жастар қатысты.

Қаланың солтүстік-батыс аумағын қамтитын Бадам өзені қала тұрғындарының бір сәт демалуына және қала маңындағы елді мекендерде егін және бау-бақшаларды сумен қамтамасыз ететін бірден-бір өзен.
100-ден астам аудан тұрғындары өзен аумағындағы түрлі қоқыстарды, бей-берекет шөп-шаламдарды және өзеннің суымен жиналған түрлі қоқыстарды тазалап, өзен маңайындағы су көздерін тазалады. Тазалық жұмыстарына 10-нан астам техника жұмылдырылып, өзен бойындағы шөптер шабылды. Іс-шараға қатысқандар қаламыздың тазалығы басты назарда екенін, оған әрбір қала тұрғындары белсене атсалысуы қажет екенін жеткізді.

Тұрғындар «Тазалық – денсаулық кепілі» деген ұранды ұстанып, өз аулаларындағы ағаштардың түптерін әктеу, артық өскен бұталарды қырқу, шөптерді ору, ирригациялық арықтарды күл-қоқыстан тазалау және ойын алаңшалары мен орындықтарды сырлау жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараға қатысқан Тұран ауданының тұрғындары Президентіміздің «Таза Қазақстан» акциясының науқандық іс-шара еместігін, бұған әрбір қала тұрғыны бей-жай қарамай тазалық мәдениетінің өзімізден бастау қажет екенін айтты. Сондай-ақ тұрғындарды өз аулаларын таза ұстауға, жастардың тазалық мәдениетін сақтауға баса назар аудару қажет екенін жеткізді.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Темірлан тас жолында орналасқан скверде тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.Тазалық іс-шарасына жалпы 100-ден астам аудан тұрғындары, кәсіпкерлер, зиялы қауым өкілдері, белсенді жастар, еріктілер қатысты.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *