СУ ҮНЕМДЕЙТІН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ – АСА МАҢЫЗДЫ ЖӘНЕ ШҰҒЫЛ МІНДЕТ

Түркістандық шаруалар су үнемдеуге көшті. Шардара ауданы, Жаушықұм ауылының тұрғыны Төлеген Жұмабеков егістік алқаптың 3 гектар жеріне тамшылатып суару әдісімен пияздың «Кэнди» тұқымын еккен. Қалай дейсіз бе? Былай.

10 қатар ұяшық арасына үш қатар суару шлангаларын жүргізген. Жерді үнемдейді , әрі пияз суды жақсы қанып ішеді. Бар жоғы үш сағат су айдайды.

Негізінде осы тамшылатып суару әдісіне  өтсе су көп үнем болады екен. Әрі көп жерді игереді екенсің. Мысалыға мына қазір шығып жатқан насосымыз егер ағын сумен суаратын болсаң, 1 гектар жерді суғарасың. Қазір мына 3 гектар жерге жетіп жаты.  Дәрісінің бәрі сол шланганың ішімен кетеді, системамен. Биыл енді бірінші жыл шамамсыз келгенше осы жерді игеріп көгертіп жатқан жайымыз бар, дейді  Жұмабеков Төлеген.

Шаруақожалық қосымша 10 гектар жерді игеруді бастаған. Шаруаның сөзінше, тамшылатып суару әдісі — ағын суды үнемдеп ғана қоймай, артық арамшөптерден арылуға да мүмкіндік береді.

-Бүгінгі таңда 846 гектар жерге су үнемдеу технологиясын ендіру бойынша жұмыс жүргізілді. Атап айтатын болсақ,  586 гектар жерге тамшылатып суару әдісін енгіздік. Соның ішіндегі 105 гектар жерге жаңбарлатып суару әдісін қолданып отыр. Бұл жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады. Биыл дихандар тарапынан тамшылатып суару әдісімен бақша дақылдарын егу көптеп қолдау тауып жатыр, дейді  Шардара аудандық ауыл шаруашлығы бөлімінің басшысы Талғат Әлімқұлов.

Айта кетейік, Шардара ауданындағы 3 шаруақожалық пияз егістігіне тамшылатып суару әдісін енгізіп отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *