ОРДАБАСЫДА «ШӘМШІ АЛЛЕЯСЫНЫҢ» ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Ордабасы ауданында  Қазақстанның халық әртісі, композитор, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне «Шәмші аллеясының» құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «Armada Stroy 2020» ЖШС-і мердігер мекемесі.  Аллеяны биыл шілде-тамыз айларында қолданысқа берілмек. Онда сазгердің ескерткіші, сахна, орындықтар орнатылатын болады.

Айта кетсек, Шәмші Қалдаяқов — 1930 жылы 15 тамызда Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Оның 300-ге жуық ән мұрасы бар.  Бүгінде сазгердің «Ақ сұңқарым», «Ақ бантик», «Қара көз», «Қайықта» секілді әндері жұртшылық арасында кеңінен танымал. Сондай-ақ, жігерлі әрі қуанышпен шырқалатын «Бақыт құшағында», «Менің Қазақстаным», «Бәрінен де сен сұлу», «Теңіз құшағында» әндері ел арасына кең тараған.

«Шәмші аллеясы»  Ордабасы ауданының тұрғындары  демалатын орын ғана болмай, Түркістан облысындағы көрнекті орындарының біріне айналмақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *