«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЕГІЛГЕН АҒАШ САНЫ 925 704 ДАНАҒА ЖЕТТІ.

Түркістан қаласында саябақтар саны 32-ге жетті. Бұл саялы орындардың жалпы аумағы 318 гектарды құрайды. Сонымен қатар 15 жасыл алаң, 32 аллея мен гүлзарлар рухани астананың ажарын ашып тұр. Бүгінде қалада саябақтар мен скверлер саны артып келеді. Егілген ағаш саны 925 704 данаға жетті. Гүлді аймақтар — 8 гектарды құрады.

Жалпы  қала  аумағындағы  орталық  маңызы  бар  көшелердегі кәсіпкерлік  нысандардың  қасбеттерін  реттеу  бойынша  бірқатар жұмыстар қолға алынды. Түркістан қалалық әкімдігіне қарасты 14 мекемеге 32 көше бекітіліп берілді. Нәтижесінде 3839 нысан сараланып, жөндеуді қажет ететін 1562  нысан анықталды. Оның 1483-і ретке келтірілді. Қалғаны келер күннің еншісінде.

Қала аумағы  6  секторға  бөлінген,  секторлардағы санитарлық тазалық жеке кәсіпкерлердің құрылымдары арқылы жүзеге асуда.

Акция асында  көп қабатты  үйлердің  қасбеттері  мен  аулалары  және  суару жүйелері қайта жаңартылды. Тұрғын үйлер алдына жаңадан 297 дана қоқыс салғыштар орнатылды.  Орталық   көшелер   бойына   жаңадан  110 дана  орындықтар   мен   қоқыс салғыштар қойылды. Саябақтар мен скверлерге толық тазарту жұмыстары жүргізілді.

Қала тазалығын “Түркістан Жарық Тазалық” ЖШС-гі қамтамасыз етеді.  Мекеме теңгерімінде 36 техника бар.  345 жұмысшы еңбек етеді.

Қаладағы 136 көше  механикалық  жолмен тазаланады. 1-кезектегі көшелер — күнделікті,  2-кезектегі көшелер – аптасына 2-3 рет, 3-кезектегі яғни жаңа   қоныстанған   шеткі   көшелердегі қоқыс аптасына 1 рет тазаланады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *