ТҮРКІСТАН: ЖАҢА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ЕНГІЗІЛІП ЖАТЫР

Еліміздегі су үнемдеу технологиясын шығаратын ең алғашқы зауыт Түркістан облысында іске қосылды. Биыл екінші зауыт жабдықталып, өз жұмысын бастайды. «BNK Group LTD» компаниясы америкалық «Nelson Irrigation» компаниясымен бірлесіп, айналмалы және фронтальды әрекет ететін жаңбырлатқыш машиналар өндірісін іске қосты. Өндірістік техника 3 мың м2 метр аумаққа орналастырылды.

«BNK Group LTD» ЖШС-ның құны 4,1 млрд. теңгені құрайтын «Жылына 1000 дана жаңбырлатып суғару машиналарын шығару» зауыты Түркістан қаласында орналасты. Осы кәсіпорынның 50 мың гектарды, «Тұран су» мекемесінің жылына 9 мың гектарды тамшылатып суғару жүйесін өндіретін кәсіпорындары маусым айында іске қосылады. «Инвестициялық субсидия» бағдарламасы аясында су үнемдеу технологиясын енгізу шығынының 50%-ын өтеу, жергілікті бюджет есебінен өтеу үлесін қосымша 30%-ға ұлғайту қарастырылған.

Су жинауға мүмкіндік беретін бірқатар су нысандарының құрылысы басталып, пайдалануға берілді. Атап айтқанда, «Түркістан магистралды каналының» ұзындығы 59 шақырымы күрделі жөндеуден өтті. Соның нәтижесінде 60 млн текше метр су үнемделді. «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасы салынып, 31 млн текше метр су Түркістан қаласы аумағына жеткізілді. Бұдан бөлек «Бәйдібек ата» су қоймасы салынып жатыр. 68 млн м3 су сиятын жобаның құны 15,9 млрд теңге. Келесі жылы «Боралдай» су қоймасы құрылысын бастау көзделген. 50 млн м3 су сиятын су қоймаға 13,8 млрд теңге қажет. Аталған жобалар қосымша 113 млн текше метр суды жинауға мүмкіндік береді.

Түркістан өңірінде су шығынын азайту технологиясы 32 298 гектарға енгізілді. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 873 мың гектарға егілді. Сұранысқа байланысты түсімі жоғары дақылдарға басымдық беріліп отыр. Атап айтқанда, масақты, малазықтық дақылдар, көкөніс, картоп, бақша дақылдары 3 мың гектарға артты. Мақта дақылын 11 мың гектарға, майлы дақылдарды 6 мың гектарға азайды.

Бұл технология су, энергия, еңбек ресурсын, минералды тыңайтқыштарды үнемдей отырып, гектарынан кемінде 60 центнерден өнім алуға мүмкіндік береді. Түсім облыстың орташа көрсеткішінен 2,5 есеге жоғары. Алдағы 5 жылда мақта 41,4 мың гектарға, күріш 1,2 мың гектарға азайып, жүгері, бұршақты, малазықтық дақылдарға алмастырылады.

Су үнемдеу технологиясы өсімдікке қоректі тікелей беріп, су мен тыңайтқыш шығынын айтарлықтай азайтады. Шаруа жұмысын жеңілдетіп, өнімділікті 2-3 есе арттырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *