Қазығұрт және Сарыағаш ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары атқарылды,-деп хабарлайды Bozyq.kz.
Қазығұрт тауының баурайында орналасқан «Ақбура» әулие кесенесінде сенбілік өтті. Шарада ғимарат маңы қоқыстардан тазартылып, шөптерін ору және ағаштарын бұтау жұмыстары жүргізілді. Тазалық шараларына аудандық «Жастар ресурстық орталығының» белсенді жастары қатысты.
Сарыағаш ауданының халқы да «Таза Қазақстан» акциясынан шет қалмады. Құркелес ауылдық округіне қарасты Алғабас елді мекенінде сенбілік өтті. Елді мекеннің орталық және ішкі көшелерінің бойына тасталған күл-қоқыстар жиналып, арық-атыздар тазартылды. Нәтижесінде 1,8 тонна қоқыс пен тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылды. Жалпы тазалық жұмыстарына 60-қа жуық адам атсалысып, екі арнайы техника жұмылдырылды.
Айта кетсек, Сарыағаш ауданында жыл басынан бүгінгі күнге дейін 75 сенбілік өткен. Сенбіліктер барысында 500 көше, 161 шақырым аяқ жол, 200 шақырым арық-атыздар, 103 шақырым ирригация жүйелері тазаланған. Сонымен қатар, 37 аялдама, 34 саябақ пен скверлер, 47 спорт алаңшасы әктеліп, сырланған. Тазалық шараларына жалпы саны 20 000 адам қатысып, 343 техника жұмылдырылған. Нәтижесінде 676 тонна қоқыс арнайы орындарға тасымалданған.