ТАЗА ҚАЗАҚСТАН — ТАЗА ӨЛКЕ

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, А.Қалыбеков ауылдық округіне қарасты Төрткүл ауылында сенбілік жұмыстары жүргізілді. Көше бойларындағы шөптер орылып, қоқыстардан тазартылды. Одан бөлек, ағаштардың түбін әктеу, қураған ағаштарды бұтау, арық-атыздарды қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту шаралары жүргізілді. Жалпы,  тазалық шараларына ауыл тұрғындары мен еріктілерден құралған шамамен 105 адам жұмылдырылды.

Мақтаарал ауданында қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы әлі де жалғасуда. Экологиялық науқанға өңірдегі барлық қала, аудандардың тұрғындары қатысып, тұрған аумағын таза ұстауға үлес қосуда.

Сауран халқы да сенбілікке шықты.  Тазалық жұмыстары Шорнақ ауылдық округі, Қосмезгіл елді мекені, Жаңа мектеп көшесінің бойында ұйымдастырылды. Қызу тазалық жұмыстарына 142 азамат бір кісідей атсалысты. Әр ұжым өздеріне бөлінген 1,2 шақырым көше бойының арам шөптерін шауып, 1 шақырымдық жаяу жүргіншілер жүретін жол жиегін әктеді.

Сонымен қатар аталмыш көше бойындағы қураған ағаштар, арам шөптер шабылып, нәтижесінде 33 тонна қоқыс шығарылды. Оған 4 техника жұмылдырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *