ТҮРКІСТАН: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОАКЦИЯСЫ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ЖАЛҒАСУДА

Бүгін Сайрам ауданы, Көлкент ауылдық округіне қарасты М.Оразалиев елдімекенінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті. Акция барысында көше бойларындағы шөптер орылып, аялдамалар сырланды. Сондай-ақ, қоршаулар қайта қалпына келтіріліп, қоқыстардан тазартылды.

Жалпы, тазалық жұмыстарына ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлерінен 130 адам жұмылдырылды.

Төлеби ауданында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және санитарлық тазалықты қамту бағытында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтті.   Диханкөл ауылында сенбілік ұйымдастырылды.  Көше бойларындағы шөптер орылып, қоқыстардан тазартылды. Жалпы тазалық жұмыстарына аудан тұрғындары мен еріктілерден құралған 30 адам қатысты.

Түркістандық мәдениет мекемелерінің қызметкерлері де акцияға қолдау білдірді. Оның ішінде, Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі, «Ұлы Дала Елі» орталығы мен «Оңтүстікфильм» мекемелері бар. Олар сенбілікке белсенді түрде қатысып, көше бойларын күл-қоқыстардан тазартты.

Жалпы, Түркістан облысында 14  аудан, 4 қалалық әкімдік, 7 қала 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар. Сенбілік барлық ауданда, бір мезетте ұйымдастырылды.  Бүгінде абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *