«Қазсушар» РМК Түркістан филиалы теңгеріміндегі Үлкен Келес Магистральды каналының ПК698+05 нүктесінен бастау алған тұсына механикалық тазарту жұмыстары жүргізілуде,-деп хабарлайды Bozyq.kz.
Зах- Келес өндірістік бөлімшесіне қарасты мемлекетаралық каналдың дәл қазіргі таңда бермасы тазаланып, канал жолы кеңейтілуде. Нәтижесінде 3000 м3 лай,топырақ шығарылды.
«Қазсушар» РМК Түркістан филиалы тарапынан жеткізілген. «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы теңгеріміндегі каналдардың механикалық тазарту жұмыстары бүгінде бір қатар аудандарда лек- легімен атқарылып жатыр.
Айта кетейік, Түркістан облысының аумағында барлығы 44 су қоймасы бар. 18-і «Қазсушар» РМК балансында. Сондай-ақ 11 су жинау гидроторабы, 99 магистральдық канал, 1699 шаруашылықаралық және шаруашылықішілік арналар, 408 ұзындығы 3095,12 км коллекторлық-дренаждық желі, 1139 бірлік тік дренаж ұңғыма бар.