ЖОЛДЫҢ 5 ЖЕРІНЕН СЫНАМА АЛЫНДЫ

Шымкент қаласы, Тассай шағын ауданы, Алтыншоқы көшесінен «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» сынама алды,-деп хабарлайды Bozyq.kz. 

Арнайы асфальт ойғыш құрылғымен 1,5 шақырым жолдың бес жерінен алынған сынамада жолға төселген асфальттың қалыңдығы 11, кей тұсында 12 см болып шықты. Енді,ойылып алынған асфальттың керім кескіні сынамадан өткізіліп, суға қанығуы, тығыздығы анықталады. Қорытындысы тапсырыс беруші, Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына беріледі. Әр керн 2 қабаттан, атап айтар болсақ төменгі тегістеуіш қабат ірі түйіршікті тығыз асфальтбетон, беткі қабаты ұсақ түйіршікті тығыз асфальтбетоннан тұрады.
Мердігер «El kz-01» ЖШС. Техникалық қадағалаушы «Көркем Сәулет» ЖШС. Бүгінгі таңда нысан басында техникалық қадағалаушылар кіріс бақылауларын жүргізуде. Орташа жөндеу жұмыстары 2023 жылы басталған. 2024 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Бұл көшенің  беткі қабатын салу кезінде асфальтбетон қоспасы зертханалық тексеруден өткен. Қоспа нормативтік талапқа жауап берген.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Ұлттық құрылтайдың Атыраудағы отырысында жол салу және жөндеу бойынша ауқымды жұмыстарды бастауды тапсырған болатын.  Президент жол құрылысының барлық кезеңдерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және жемқорлық фактілерінің жолын кесу бойынша тапсырма берді.

Осы ретте, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен қала әкімдігі, Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің, Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Шымкент қаласы бойынша филиалының өкілдері мен қоғам белсенделерінен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлардан жұмыс тобы құрылып, жол құрылысы барысына мониторинг жүргізіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *