НҰРСАТТЫҚТАР АКЦИЯҒА ҚАТЫСЫП АУЛАНЫ ТАЗАРТТЫ

Қаратау ауданы аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. 

«Нұрсәт» шағынауданындағы №37-49 көпқабатты тұрғын үйлердегі 400-ге жуық тұрғындардың қатысуымен кезекті тазалық жұмыстары өтті. Акция барысында үй аулаларының аумағын қоқыстан тазарту, ағаштарды әктеу, көгалдарды қырқу, орындықтарды сырлау және т.б жұмыстар жасалды.
Қоршаған ортаны тазартуға және көгалдандыруға ынталы қатысқан жергілікті балалар мен жасөспірімдердің қатысуы ерекше маңызды болды. Олар үшін бұл олардың тазалық шарасына көмектесудің жолы ғана емес, достарымен және отбасымен ашық ауада уақыт өткізу мүмкіндігі болды. Акцияға қатысқан тұрғындар балалар мен жастардың тазалық жұмыстарына араласуы Мемлекет басшысының айтқан «Таза Қазақстанды» қалыптастыруының негізі дейді тұрғындар. Еске сала кетейік, көгалдандыру бойынша санитарлық жұмыстар Қаратау ауданының барлық елді мекендерінде көктемнің бірінші күнінен бастап жүргізіледі.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкент қаласындағы Қошқар ата өзенінің жағалауында санитарлық тазалық жұмыстарына Тұран ауданының тұрғындары мен жасыл ел еңбекші жастары қатысты.

Қаланың орталығын кесіп өтетін Қошқар ата өзені қала тұрғындарының бір сәт демалуына таптырмас орын. Алайда кейбір жеке сектор аймақтарында өзен бойында тазалық жұмыстары сын көтермей отырғанын қынжыла жеткізген тұрғындар бүгінгі іс-шараға қатысушыларға алғыстарын білдірді. 100-ден астам аудан тұрғындары мен жасыл елдіктер өзен аумағындағы түрлі қоқыстарды, бей-берекет шөп-шаламдарды және өзеннің суымен жиналған түрлі қоқыстарды тазалап, өзен маңайындағы су көздерін тазалады.
Тазалық жұмыстарына 10-нан астам техника жұмылдырылып, өзен бойындағы шөптер шабылды. Іс-шараға қатысқандар қаламыздың тазалығы басты назарда екенін, оған әрбір қала тұрғындары белсене атсалысуы қажет екенін жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *