АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ТРАКТОРҒА МІНІП, «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы қарқынды жүруде. Кезекті экоакция «Арыс-Шымкент» тас жолы бойынан бастау алды. Сенбілікке мемлекеттік қызметшілер, мекеме, кәсіпорын қызметкерлері, ардагерлер, спортшылар мен өнер азаматтары, еңбек ұжымдарының өкілдері, қала жастары атсалысты.

Тазалық шарасына қала әкімі Гүлжан Құрманбекова қатысып, акцияны барынша қолдап, әсем қаланы одан әрі гүлдендіру жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарға алғысын білдірді. Тракторға мініп, тазалық барысын қадағалаған қала әкімі еңбек адамдарының жұмысын жоғары бағалады. Бұл акцияға мемлекеттік немесе бюджеттік мекеме қызметкерлері емес, тұтас ел атсалысуы тиіс екенін жеткізді.

Кең көлемде өткен тазалық акциясына 500-ден астам адам қатысып, белсенділік танытты. Экобелсенділер ағаштарды әктеп, жасыл желектің түптері мен жол жиектерін арамшөптерден, қураған бұталардан тазалады.
Жиналған қоқысты, кесілген ағаштарды тасымалдауға коммуналдық мекемелердің қызметкерлері мен 10-нан астам техника жұмылдырылды.

Сенбілік шарасында шаһардың өнерпаздары тұрғындарды тазалыққа шақырып, «Таза Қазақстан» насихатталған әнді шырқап, сенбілікті көңілді мерекеге айналдырды.
Айта кетейік, Арыс қаласы көлемінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында көркейту-көгалдандыру және санитарлық-тазалық сенбіліктері көктемнің алғашқы күнінен бастап өтуде. Бүгінде қала орталығындағы жарықшамдарды ретке келтіру, саябақтар мен аллеялардың шөбін ору, суғару жүйесін ретке келтіру, ағаштарды күтіп ұстау жұмыстары күнделікті атқарылуда.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *