Бүгін Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев Қызылқұм ауылына барып, ондағы күрделі жөндеуден өтіп жатқан мәдениет үйі мен жаңадан қазылған ауыз су ұңғымасының құрылысымен танысты, деп хабарлайды Bozyq.kz.
Шардара ауданы, Қызылқұм ауылында 2024 жылы «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында 300 орындық мәдениет үйін күрделі жөндеуге қаржы бөлінді. Ағымдағы жылға мемлекеттік сатып алу порталына салынып, жеңімпаз мердігерлер анықталған. Жөндеу жұмыстары 20- мамырдан басталған. Нысан құрылысы 2025 жылы аяқталады. Қазіргі таңда демонтаж жұмыстары (кітапхана, спорт зал қабырғаларының ішкі сылақтары түгелімен түсірілді) жүргізілуде. Ғимараттың шатыры алынып, сейсмобелдеу құйылып жатыр.
Сондай-ақ, Шардара ауданы, Қызылқұм ауылдық округі, Қызылқұм ауылында су торабы құрылысы қолға алынған. Бүгінгі күнге 1020 метр тереңдікте ұңғыма қазылып, ұңғыма ішін тазалау және бас су торабын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Аталған нысан құрылысын ағымдағы жылдың 1 шілдесінде аяқатлып, ел игілігіне беріледі. Бүгінгі таңға нысан құрылысын қабылдап алу бойынша құжаттары әзірленуде.
Аудан әкімі Арман Қарсыбаев салаға жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.