Қазығұрт ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық шаралары қарқынды жүргізіліп келеді. Атқарылған жұмыстар барысында аудан аумағынан өтетін Республикалық маңызы бар «Алматы — Термез» автожолының бойы қоқыстардан тазаланды. Сондай-ақ, шөп ору, ағаштардың түптерін әктеу, бұтау жұмыстары жүргізілді. Акцияға ауданға қарасты барша ауыл округтен келген мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлер, еріктілер мен тұрғындар, барлығы 700-ден астам адам қатысты.
Жалпы 2024 жылдың 8 сәуірінен бастау алған бұл акция барысында Қазығұрт ауданында күнделікті ауқымды істер атқарылуда. Аталмыш «Алматы-Термез» тас жолының бойы және 223 ішкі көше бойлары тазаланып, 138,9 шақырымдық облыстық маңызы бар жолдар мен 160,3 шақырымдық аудандық маңызы бар жолдар тазаланды. Сонымен қатар, аудан орталығындағы 93 аялдама сырланып, қалпына келтірілді. Одан бөлек, 1050 ретсіз өскен бұталар алынып, талдардың түптері әктелді. Сондай-ақ, 69,5 шақырым аяқ жолдар тазаланып, саябақтар және скверлер ретке келтірілді. Нәтижесінде сенбілік тазалық жұмыстарына осы күнге дейін 12 365 адам қатысып, 55 техника жұмылдырылды.
Бүгін қоршаған ортаның экологиялық тазалығын сақтау мақсатында Сарыағаш ауданы әкімдігінің бастамасымен аудандық деңгейде сенбілік жұмыстары жүргізілді. Тазалық шарасына мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, аудан тұрғындары мен еріктілер қатысты.
«Тазалық – табалдырықтан басталады», – дейді халық даналығы. Осы бір жақсы сөзді жанына серік еткен тұрғындар бүгінгі аудан көлемінде өткен санитарлық – тазалық жұмыстарына белсене атсалысты.
Өткізілген сенбілік жұмыстарында республикалық, облыстық маңызы бар автожолдың, ішкі көшелердің бойында жинақталған, бей-берекет тасталған күл-қоқыстарды, арық-атыздарды тазалау,шөптерді ору жұмыстары жүргізілді.