ТҮРКІСТАН: ЖЫЛ БАСЫНАН 2 МЫҢНАН АСА РЕЙДТІК ШАРАЛАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП, ТҰРҒЫНДАРҒА ЖАДЫНАМАЛАР ТАРАТЫЛДЫ

Түркістан облысы аумағында 2024 жылғы жазғы шомылу маусымын қауіпсіз өткізу және қайғылы жағдайларды болдырмау мақсатында біршама жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, барлық аудан-қалаларда ата-аналармен кездесу ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік бойынша семинарлар мен ашық сабақтар өткізілді. Бұл туралы облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Оразгелді Нұрмаханұлы мәлімдеді.

«Жалпы шомылу маусымы басталғалы бері суға кету фактісі бойынша 31 жағдай тіркелген болса, олардың 19-ы жас балалар. Арнайы шомылатын орындары жоқ елдімекендерде жергілікті әкімдік тарапынан және кәсіпкерлер есебінен модульді-каркасты бассейндер сатып алынып, тегін әрі қауіпсіз шомылуға мүмкіндіктер жасалынуда. Қазіргі таңда жалпы каркасты бассейндер саны 151-ге жетіп отыр.  Бұдан бөлек, жыл басынан 2 мыңнан аса рейдтік шаралары ұйымдастырылып, өзендер мен каналдардың бойында тұратын тұрғындарға жадынамалар таратылды», — деді Түркістан облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Оразгелді Нұрмаханұлы.

Брифинг соңында спикер облыс тұрғындары мен қонақтарына суда шомылу ережелерін қатаң сақтауға шақырып, жас балаларды қараусыз қалдырмауды ескертті.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *