ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Шымкентте 28 маусым «Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне» арналған салтанатты кеш өтті. Мерекелік кешке қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысып, бірқатар БАҚ қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар, алғыс хаттар табыстады. Журналистерді кәсіби мерекемен құттықтады.

Қала әкімінің журналистер қауымын құттықтауы ерекше болды. Іс-шара Көл демалыс аймағында ұйымдастырылды. Әдемі формат, сап ауа, жаңа субұрқақ. Жарасып ақ тұр. БАҚ өкілдері шат-шадман күйге бөленді. Ашық аспан астында эстрада жұлдыздары әннен шашу шашты.

 

«Сіздерге еңбектеріңіз бен мамандыққа адалдықтарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Бұқаралық ақпарат құралдары біздің өмірімізде маңызды рөл атқарады. Күн сайын журналистер бізді соңғы жаңалықтармен таныстырып, уақыттың тынысын айқындайды. Бұл күні бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне жемісті жұмысы мен ынтымақтастығы үшін алғыс айтқым келеді. Шынайы ақпаратты, шынайы жаңалықты жеткізіп отырыңыздар. Қазір өкінішке орай бұл кәсіпті, адал кәсіпті басқа жолдарға түсіргендер бар. Оны жақсы білесіздер. Біз ондайға көнбейміз де, көнбегенбіз де. Тек қана дос боламыз. Ниетіміз түзу,  адал бірге жұмыс істеуге дайынбыз»- деді қала әкімі Ғабит Сыздықбеков.

Шымкенттік БАҚ өкілдерімен кездескен Ғабит Сыздықбеков қалам ұстаған қауыммен  бір қатар мәселелер жөнінде де әңгімелесті. Соның бірі “Спутник” алаңын Журналистер алаңы деп өзгерту  туралы  өз ұсынысын айтты.  Бастаманы БАҚ өкілдері қуана қабылдады.  Әкім өз кезегінде игі бастаманы қолдап, ономастикалық комиссияның қарауына ұсынуды тапсырды.

Айта кетейік, Шымкент қаласында  176 бұқаралық ақпарат құралы жұмыс істейді. Олар күн сайын қоғам мен билік арасында диалог орнатуда өз үлестерін қосып жүр.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *