ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОЛШЫЛАР РЕСЕЙДЕ ТӘЖІРИБЕ ЖИНАДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға қолдау көрсетуді тапсырған болатын.

«Біз өркениеттің алғы шебіндегі мемлекетке айналу үшін тек үйренетін емес, өзгеге үйрететін ұлтқа айналуымыз қажет. Сондай-ақ, тек тұтынушы емес, жаңа дүниені өндіруші ұлт атануымыз керек. Оған халқымыздың әлеуеті, дарыны, қарым-қабілеті жетеді.  Жаңа білім алуға, тың тәжірибе жинауға ұмтылған жөн. Сонда жастарымыз өз кәсібінің хас шебері атанады. Әрдайым сұранысқа ие болады, қоғамда сыйлы болады. Міне, осылай өмір сүрген адам ешқашан, ештеңеден ұтылмайды», — деді  Қасым-Жомарт Тоқаев. «Жол активттерінің ұлттық сапа орталығы» РМК қызметкерлері Ресейде біліктіліктерін арттырды.


«Жол активттерінің ұлттық сапа орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының әр облыстағы филиалында қызмет ететін 14 зертханашы Ресейдің Омск қаласында болды. Сібір мемлекеттік автомобиль және автомобиль жолдары университетінде /СиБАДИ/ өндірістік-тәжірибелік тағлымдамадан өтті. Солардың бірі — «Жол активттерінің ұлттық сапа орталығы» РМК ШҚФ сарапшысы Ернарбек Мамет. Ол жол құрылысы саласында 5 жылдан бері еңбек етіп келеді.

«Бетон және бетон қоспасымен жұмыс істеу» тақырыбы бойынша тағылымдамадан өттік. Жеке лабароторияларын көріп қайттық. Асфальт зауыттарын көрдік. Жалпы, жаңа стандарттармен жұмыс істейді екен. Алда біз де сол стантартқа өтеміз. Жоспар бар. Профессорлар лекция оқыды. Біраз сұрақтарға жауап алдық»,-дейді «Жол активттерінің ұлттық сапа орталығы» РМК ШҚФ сарапшысы Ернар Мамет.

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны еліміздегі жолдардың және құрылыс материалдарының сапасын тексерумен қатар, кәсіби жолшылар даярлау ісіне де сүбелі үлес қосып келеді. Жыл сайын кәсіпорын мамандары шет мемлекеттерде тәжірибе алмасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *