ҚАРАСПАНҒА ГАЗ КЕЛДІ

Ордабасы ауданы Қараспан елді мекеніне газ берілді.  Тұрғындардың қуанышын бөлісуге аудан әкімі  Азат Оралбаев арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, біздің стратегиялық мақсатымыз белгілі, міндеттеріміз айқын. Басты міндетіміз – халықтың жағдайын көтеріп, олардың келешекке деген сенімін арттыру. Осынау қуанышты сәтте өздеріңізбен қауышып, қараспандықтардың көгілдір отынмен қамтылғанына куә болудамыз. Көгілдір отын халықтың тұрмыс-тіршілігіне, шағын және орта бизнестің дамуына мол септігін тигізеді. Осы орайда сіздерге барлық жақсылықты тілеймін – деді Ордабасы ауданының  әкімі Азат Оралбаев.

Өз кезегінде қараспандықтар аудан әкіміне алғыстарын айтып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Қараспан ауылындағы табиғи газ құрылысы 2021 жылдың 25 мамырында басталып, 2023 жылдың 28 желтоқсан айында аяқталған. Ағымдағы жылдың басында қысымдау-сығымдау жұмыстары жүргізіліп, тиісті құжаттарын рәсімдеу жұмыстары аяқталған. Абонент саны 685, қамтылған халық саны — 3678 құрайды.

Ордабасы ауданында 57 елді мекен бар.  Әкімшілік орталығы — Темірлан ауылы. Халық саны — 114,1 мың адам. Бүгінде 30 –ға жуық елді мекен көгілдір отынмен қамтылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *