ТҮРКІСТАН: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округіне қарасты Қарабұлақ елді мекенінің тұрғындары «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында тазалық жұмыстарын ұйымдастырды. Шарада тұрғын үй аулалары мен көше бойлары ретке келтірілді. Сондай-ақ, жол бойындағы арам шөптер мен қураған ағаштар оталды. Арық-атыздардың арнасы ашылып, тұрмыстық қалдықтар тазартылды.

СОЗАҚТАҒЫ СЕНБІЛІКТЕ 3 ТОННАДАН АСТАМ ҚОҚЫС ЖИНАЛДЫ

Тазалық жұмыстарына ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлері мен қоғамдық жұмысшылар да атсалысты. Сонымен қатар, арнайы техникалар жұмылдырылып, елді мекеннің 3,5 шақырымдық ішкі көшелері тазаланды. Нәтижесінде 3,5 тоннаға жақын қоқыс қалдықтары шығарылды.

САУРАН: ЭКОАКЦИЯ АЯСЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚОРШАУЛАРЫ БІРКЕЛКІ ТҮСКЕ БОЯЛДЫ 

Сауран ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық шаралары қарқынды жүргізілуде. Бұл жолы аудан орталығындағы көшелердің бойында орналасқан үйлердің қоршаулары біркелкі түске боялды. Атап өтер болсақ, 6 шақырымды құрайтын Т.Сүлейменов пен Ж.Шаяхметов көшелерінің бойындағы үйлердің қоршаулары ретке келтіріліп, сырланды. Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, қазақы нақыштағы оюлар қоршаулардың сәнін келтірді.

Сонымен қатар, аталған көшелердегі ескі аялдамалар алынып, орнына жаңалары орнатылды. Ондағы басты ерекшелік – аялдамаларды ұлттық дизайнмен әрлендіру. Бұдан бөлек, аудандық маңызы бар орталық автожолдың бойы қоқыстардан тазаланып, ретсіз өскен ағаштарды бұтау жұмыстары жүргізілді.

ОРДАБАСЫ:  1 100 ШАҚЫРЫМҒА ЖУЫҚ КӨШЕ БОЙЛАРЫ ТАЗАЛАНДЫ 

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Ордабасы ауданында да өтті. Бүгінгі акцияға аудан тұрғындары, жастар мен еріктілер атсалысты.

Жалпы, экологиялық акция басталғалы бүгінгі таңға дейін 30-ға жуық ауқымды сенбілік өтті. Осы уақытта 1 100 шақырымға жуық көше бойлары тазаланып, 393,4 тонна қоқыс шығарылған. Сонымен қатар, 17 275 тал түптері әктеліп, 18 шақырым өзендердің, каналдар мен бұлақтардың арналары тазаланған. Сондай-ақ, 14 000 шаршы метр үй қасбеттері мен 44 аялдама сырланған. Сонымен қатар, бүгінгі күнге дейін 25 100 дана ағаш, бұталар қырқылған. Жалпы сенбілікке 11 945 адам қатысып, 100 техника жұмылдырылған.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *