ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚ ИМАМДАР МЕН ЖАСТАР ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА БЕЛСЕНЕ АТСАЛЫСУДА

Түркістан облысы, Созақ ауданында  «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы тазалық жұмыстары жалғасуда. Мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйым мүшелері мен елді мекен тұрғындары күнделікті тазалық жұмыстарын ұйымдастырып, ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға белсене атсалысуда. Бүгін бұл бастаманы Созақ ауданының имамдары да қолдап, белсенді жастармен бірлесе «Ту тұғыры»  алаңын ретке келтіруге кірісті.

Ауданның бас имамы Мейрамбек Абдіқұлов белсенді азаматтар мен тұрғындарды «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдауға шақырды. 

«Ауылымызды таза ұстап, абаттандыру, оны жасыл желекке бөлеу – баршамыздың басты міндетіміз»,  деді Созақ ауданының бас имамы Мейрамбек Абдіқұлов.

Тазалық жұмыстары кезінде аумаққа отырғызылған тал көшеттері суарылып, аяқ жолдар ретке келтірілді. Арам шөптер оталып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *