ТҮРКІСТАН: ҚЫРМАНҒА ОРАҚ ТҮСТІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қазығұрт ауданына жұмыс сапарымен барды.  «Қазығұрт Агро» ЖШС-нің егіс алқабын аралап, бидай ору барысын көрді.   Шаруалармен жүздесіп, талап-тілегін тыңдады.   

Егістік басында Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов пен Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаиловтың  есептері мен баяндамалары тыңдалды.

Түркістан облысының негізгі драйверлерінің бірі ауыл шаруашылығы саласы болып табылады. Дархан Сатыбалды  су үнемдеу технологияларын енгізу, жаңа тәсілдерді қолдану, егістікті әртараптандыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау мәселелері бойынша ой қозғап, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.

Облыстың климаттық ерекшелігіне орай, республикада алғашқы болып 282 мың гектарға егілген астықты ору науқаны басталды. Гектар түсімділігі 19 центнер болып,  534 мың тонна дән жинау күтіліп отыр. Бүгінгі күнге жоспарланған егіс көлемінің 39 мың гектары орылып, 80,0 мың тонна астық қамбаға құйылды.

Айта кетейік, биыл 3,1 млн. тонна көкөніс, бақша, картоп өнімдері жиналады деп күтіліп отыр. Бүгінгі күнге 740,0 мың тонна өнім жиналды. Атап айтқанда, 418 мың тонна көкөніс, 113 мың тонна бақша, 206 мың тонна картоп және 3,0 мың тонна жеміс-жидек теріп алынды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Түркістан облысына 2030 жылға қарай су үнемдеу технологияларын 216,3 мың гектарға енгізу жоспарланған. Биыл  жаңадан 22,0 мың гектарға су үнемдеу технологиялары орналастырылады. Жарты жылда 11,2 мың гектарға су үнемдеу технологиялары енгізілді. Су үнемдеу технологияларының қол жетімділігін арттыру бағытында жергілікті 2 кәсіпорын іске қосылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *