«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСТЫ

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында «Таза Қазақстан» акциясына мыңға жуық адам қатысты. Акцияға Сарыағаш ауданына қарасты 13 ауылдық округ пен қала, әкімдік бөлімдері мен мекемелер, мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, діни қызметкерлер, аудан жастары мен еріктілер, жалпы мыңға жуық  адам атсалысты.

Тазалық жұмыстары республикалық маңызы бар А-15 жолының бойы, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарының бойы жәнк ішкі көшелерде қарқынды жүргізілді.

—  Мемлекет басшысының бастамасымен ұйымдастырылып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы аясында, ауданымыздың тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында аудан аумағында сенбілік жұмыстары қарқынды түрде ұйымдастырылып келеді. Бүгінде тазалықты сақтау күнделікті өмір салтына айналдыру қажет. Сондай-ақ, бұл жұмыс аудан орталығында ғана емес, ауыл округтерде, елді мекендерде де ұдайы ұйымдастырылуы керек. Туған жерімізді таза ұстау өзімізге байланысты, барша тұрғындарды тазалық жұмыстарына белсене тасалысуға шақырамын, — деді Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев.

Қарқынды тазалық акциясы барысында көшелердің бойында жинақталған, бей-берекет тасталған күл-қоқыстардан тазарту, қураған ағаш бұталарын кесу, талдарды ретке келтіру, әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарға 25 техника жұмылдырылып, 16 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Саябақтар және скверлер ретке келтіріліп, арық-атыздар тазаланды. Аудан аумағындағы мешіттер мен мазараттарда назардан тыс қалмады.

Тазалық акция барысында аудан әкімі тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға шақырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *