Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ні ұйымдастыруымен «Игі істер» марафоны аясында «Өз еліңді танып біл» тақырыбында ерікті жастар «Ибрахим ата» кесенесіне экскурсияға барып қайтты.
Экскурсияның мақсаты – жастар арасында ұрпақтар сабақтастығы, салт-дәстүрді дәріптеу және еліміздегі белгілі орындар мен тарихи мекендерді кеңінен таныстыру, насихаттау болып табылады. Экскурсияға «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері және қаланың 10 ерікті жастары қатысып, Ибрахим атаның халық арасындағы киелілігі және ерекше көріпкелдік қасиеті туралы аңыздары және кесененің сәулет тарихымен жақынырақ танысты.
Тарихи құндылықтармен танысу Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабында орналасқан «Ибрахим ата» кесенесінде өтті. Кесене Сайрам тұрғын алабының солтүстік-батыс бөлігінің шетінде, Ақсу ауылы жолының жанындағы биік төбеде орналасқан. Ортағасырлық сәулет өнерінің бұл ескерткіші осы аймақтағы бұрыннан сақталып келе жатқан күмбезді кесенелердің бірі болып табылады. Алғашында кесене XVI — XVII ғасырларда салынған, бірақ ол құлап қалғаннан кейін XIX ғасырда қайта салынды. 50-жылдары қатты жер сілкінісі кезінде кесене күмбезі құлағаннан кейін басқа қалыпта қайта жасалды.
Ибраһим ата — атақты сопы Қожа Ахмет Яссауидің әкесі, діни көсем, әрі осы өңірлерге танымал уағызшы болған.
Айта кетейік, «Игі істер» марафоны өз жалғасын табады. Экскурцияға қатысам деген жастар болса, Жастар ресурстық орталығының экологиялық мәдениетті қалыптастыру, еріктілік және қоршаған ортаны құрметтеуге тәрбиелеу бөлімінің мамандары телефоны бойынша хабарласуға болады.
Абдисадык Аружан 8-706-606-09-54
Абдулла Айдана 8-707-151-68-69
Бүркітбай Санжар 8-747-864-88-34
Бахадыр Бекарыс 8-701-012-09-98