Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Отырар ауданының шаруаларына 34,350 млн текше метр су берді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирреграция министрлігінің баспасөз қызметі.
«Нақты суарылған жер көлемі 8350 га. Филиал биылғы суару кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету мақсатында Отырар ауданында 11 каналдың 47,9 шақырым бөлігін механикалық әдіспен тазалады. Алтынбеков каналы мен тоспалары, 14 дана сорғы және Қызылту су сорғы станциясы ағымдағы жөндеуден өтті»,-деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 28 жобаны іске асыра бастады. Бұл 1,1 млн тұрғыны бар 426 елді мекенде ауыз сумен қамтамасыз ету сапасын жақсартады.
Бүгінгі таңда министрліктің қарамағында 660 елді мекенді немесе 1,4 миллионнан астам тұрғынды сумен қамтамасыз ететін 39 топтық су құбыры бар.